Тоқаев балаларға зорлық көрсеткендерді қатаң жазаға тартатын заңға қол қойды

0
127

Қазақстан президенті балалар құқығын қорғау жөніндегі заңға өзгерістер енгізді. Енді балаларға зорлық-зомбылық әрекет жасағандардың жазасы қатаңдатылатын болды.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың қызметімен байланысты мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды», — делінген Ақорда хабарламасында.

Заң мәтіні жариялануға дайындалуда.

Заңның бір нормасы бойынша, балаларға көрсетілген зорлық-зомбылық әрекеттер жөнінде хабарламаған медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызметкерлерге айыппұл салынатын болады.

«Бұл заң жобасы арқылы баланың құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың және балалармен жұмыс істейтін білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау қызметкерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Мысалы, егер дәрігер соққыға жығылған баланы көрсе, ол құқық қорғау органдарына хабарлауы тиіс», — деп депутат Светлана Бычкова мәлімдеген болатын.

 

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here