Б.Сапарбаев: Уақыт тапшы болғандықтан аяқ киім шешпедік

0
497

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі қызметіне жаңа келген Бердібек Сапарбаев бұл жолы еркі әрекетімен көзге түсті.

Алайда шенеунік өз әрекетіне ақталып бақты. Кадрлардан министрдің Атыраудағы көпбалалы отбасының бірінің үйіне бас сұққанын көруге болады. Қасына бірнеше нөкерлерін ерткен шенеуніктің балалар тамақтанып отырған үйге дейін аяқ киімімен кіргені байқалады. Бұны көпшілік сынға ала жөнелді. Ал, өзі былай деп түсіндірді.

«Біріншіден ол үйге аяқ киімнің сыртынан киетін затты киіп кірдік. Екіншіден үй иесінің рұқсатын алып, аяқ киімімізді шешкен жоқпыз. Өйткені уақыт тапшы болды», — деді Сапарбаев.

Көпшілік бұл жағдайға түсіністікпен қарау керектігін айтты. Енді бірі кім болса да, үй ішіне аяқ киіммен кіруді бұрыс санады.

stan.kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here