К. Шәмшидинова: Мұғалімдердің жалақысы 180 908 теңге болады

0
10040

Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ведомство басшысы мектеп-гимназияда педагогикалық құраммен кездесті.  Сондай-ақ оған ІТ және робототехника сыныптарындағы оқушылардың жұмысы таныстырылды»,  — делінген баспасөз ақпаратында.

Былтыр Маңғыстауда 6300 орындық 9 мектеп пайдалануға берілді. Жаңаөзен қаласында 2018-2019 оқу жылында 2 жаңа мектеп іске қосылды.  Жалпы,  қалада 24 орта мектеп жұмыс істейді,  онда 30579 оқушы білім алады.

К. Шәмшидинова атап өткендей, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30% артады.  Осылайша,  жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге,  ауылдық жерлерде — 180 908 теңгені құрайтын болады.

Министрдің пікірінше,  жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып,  жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.

inform. kz

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here