Заңсыз әрекеттер басты назарда

0
575

Қызылорда облысының көліктік бақылау инспекциясы өткен 2018 жылғы атқарылған жұмыстарына байланысты Өңірлік коммуникациялар қызметінде Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова мәлімдеме жасады.

Көліктік бақылау инспекциясы 3 бөлім бойынша жұмыстар жасайды. Теміржол көлігіндегі бақылау, автомобиль көлігіндегі бақылау және су көлігіндегі бақылау. Бүгінде теміржол көлігі бөлімі жолаушыларға көрсетілген жұмыс сапасын қадағалап отырады. Қазіргі таңда ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен теміржол вокзалы өкілдерінен құралған жұмыс тобы бар. Олар былтыр 36 жолаушылар пойызын тексеріп, нәтижесінде 31 билетсіз жолаушыны анықтаған. Заң бойынша сол пойыздың жолсеріктеріне билетсіз тасымалдағаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 623 бабына сәйкес жауапкершілікке тартылған.

– Өткен жылы 3 сала бойынша да өкілетті органдармен бірлесіп шаралар өткіздік. Нәтижесінде автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі бойынша 2018 жылы 2219 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Сонымен қатар, теміржол көлігі бөлімі бойынша 5 өртке қарсы қондырғылар, 14 санитарлық бұзушылықтар және өзге де 75 заң бұзушылықтар анықталды. Осы заң бұзушылықтарға сәйкес 13 жолсерік әкімшілік жауапкершілікке тартылды, — Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекция басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Пірназарова.

Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімі 2219 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 80 626 480 теңгеге айыппұл салған. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда құқық бұзушылықтың 15 пайызға өскендігін көрсетеді.

Су көлігіндегі бақылау бөлімі 2018 жылы шағын көлемді кемелердің қауіпсіздігі бойынша арнайы рейд жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 564 кеме қаралып, 98 тұлға әкімшілік жауапкершілікке таратылған. Онымен қоса, 615,7 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here