Жалған ақпарат таратқандар жазаланады

0
376

2019 жылдың наурыз айының 4-нен 5-не қараған түні сағат 00:59 шамасында Алматы қаласының бір тұрғыны Қызылорда қаласы әкімінің қабылдауы уақытында құқық қорғау органдары қызметкерлері тарапынан бір азаматшаға қысым көрсетілген деген жазбаны “Фейсбук” әлеуметтік желісіне жазған. Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов Өңірлік коммуникациялар қызметінде осы ақпарат бойынша брифинг өткізіп, мән-жайды толық баяндады.

– Фейсбук әлеуметтік желісін қолданушы азамат, қаламыздың тұрғыны, аяғы ауыр жалғызбасты 2 баласы бар ана қала әкімінің қабылдауына барған кезде әкім тапсырмасымен оны полиция ұстағанын, қамағанын және сырт киімін шешіп далада 5 сағат ұстап, ұрып-соққан деген дәйексіз, жалған ақпарат қалдырған. Біз сол ақпарат тарағаннан кейін, бірден тексеріс жұмыстарын жүргіздік, мұндай дерек қала, облыс әкімдігінде де орын алмаған дейді — Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің басшысы Қайрат Мұхитов.

Сондай-ақ, департамент басшысы алдағы уақытта ҚР Қылмыстық кодекснің 274 бабына сай, көрінеу жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатындығын жеткізді.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here