Сот, нотариустар, жеке сот орындаушыларының жұмысындағы өзгерістер

0
1268

2019 жылғы 03 ақпанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелрі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енді.

Заң новеллалары соттардың жұмысын оңтайландыруға және неғұрлым күрделі істерге шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Заң 8 блоктан тұрады.42 заңнамалық актіге түзетулер енгізу көзделіп отыр.Сот орындаушыларының әрекеттеріне 18 санкцияның екеуі ғана қалды-елден тыс жерлерге шығуға тыйым салу және мәжбүрлеп алып келу.Банктік шоттарға тыйым салуға санкция беру және банктік құпияны құрайтын ақпаратты талап ету прокуратураға беріледі.

Нотариустарға жұмыс айтарлықтай қосылады.Олардың шешімін тездету үшін бұйрық өндірісі талаптарының жартысын береді.

Жаңа заң бойынша жалақы, коммуналдық және жалгерлік төлемдер, нотариалды күәландырылған және жазбаша қолхаттармен байланысты даулар басқаша шешілетін болады. Даусыз талаптар болған жағдайда борышкерлермен қарым-қатынасты енді сотта емес, нотариалдық кеңседе анықтау керек.

Сот ұйымдар мен банктерді заңды күшіне енген Заңды жүзеге асыруға нотариустардың атқару жазулары арқылы берешектерді өндіріп алу мәселесін шешу арқылы шақырады.Дауларды соттан тыс шешудіңжаңа тәртібі тараптардың уақыты мен материалдық шығындарын үнемдейді.

Атқару жазбасын жасағаны үшін нотариусқа төлеуге тиісті сома борыштың негізгі сомасымен жиынтығында борышкерден өндіріп алуға жатады.Заң шығарушы азаматтар үшін өндіріп алынатын соманың 0,2 % -ын, бірақ 0,5АЕК-тен кем емес және 50 АЕК-тен артық емес қарастырады .Заңды тұлғалар үшін: өндіріп алынатын соманың 1 %, бірақ 1АЕК-тен кем емес және 100 АЕК-тен артық емес.

Бұл сотқа жүгінуден гөрі тиімді, себебі нотариустар көп жағдайда азаматтардан бір қадамға қол жеткізуде, сондай-ақ өндіріп алушылар үшін сот және қаржы шығындарының азаюы орын алады.

Заңды іске асыру аясында осы институттың одан әрі дамуы күтілуде, бұл туралы жұртшылық, банктер, ПИК, мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ назарына жеткізілді.

Байқоңыр қалалық сотының төрағасы Т.Қ.Жусупов

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here