“Аянышты пендесіңдер”: Нұртас Айдарбеков ұлын сынағандарға жауап берді

0
8316

Жақында 30 жасқа толған Қайрат Нұртасқа екі інісі қымбат автокөлік тарту еткен болатын. Сондай-ақ, әлеуметтік желіде Нұртасұлының уыстап ақша шашқан видеосы тараған. Аста-төк өмірін жиі көрсететін хитменге көпшілік жағымсыз пікірлерді жаудырған. Бұл ретте ұлын сынағандарға Нұртас Айдарбеков жауап берді, деп жазады Stan.kz.

“Алла баршаңызға ғұмыр берсін. Ал мына ойланбай жаман пікір білдірген пенделерге Алла сабыр берсін дегім келеді, бұл адамдарды дүниеге әкелген аналарына жаным ашиды. Өмірден ешнәрсеге қол жеткізе алмай, алақан жайып туылғандарына қарным ашады.

Бір жігіт менің ұлымдай-ақ қайырымдылық жасасын. Бүкіл қазақтың мәселесін Қайрат түгілі, өкімет шеше алмай отыр. Өте аянышты пендесіңдер”, – дейді Нұртас Айдарбеков.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here