Газ баллонның редукторының кесірі…

0
314

Қызылордада үй қабырғасы құлап, екі адам зардап шеккендігі туралы ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бакиров Өңірлік коммуникациялар қызметінде мәлімдеме жасады.

– 23 ақпан күні Қызылорда қаласы, Қарауылтөбе ауылдық округінде 16:25 минут шамасында азаматша Сансызбаевадан “112” бірыңғай басқару пультіне хабарлама түскен. Қарауылтөбе ауылындағы жеке үйде газ балонның жарылысынан қабырға құлап, үйінді астында екі адам қалған. Олардың бірі 1979 жылғы Сандуғаш Сейдахметова және 1964 жылғы Балдырған Аймағанбетова. Қазіргі таңда олардың бірі жамбас сүйегінің жарақатымен, екіншісі І және ІІ дәрежелі термиялық күйікпен ауруханада жатыр. Осы оқиғаға байланысты барлық мәліметтер қазір төтенше жағдайлар департаменті мен Қызылорда қаласы полиция басқармасына жолданды. Осыған қатысты алдын-ала алынған мәліметтерге сүйенсек бұл оқиға үйдегі редуктордың ақауына байланысты болған, яғни 5 литрлік газ баллоны жарылған, — дейді Қызылорда облысы жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Бакиров.

Нақты ақпараттар тексеру жұмыстары аяқталған соң белгілі болады.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here