Балалар жәрдемақысы жоқ елдер де бар…

0
188

Балалар жәрдемақысы көп ретте отбасындағы бала санымен  және олардың жастарымен анықталады. Кейбір елдерде бұдан басқа да жәрдемақы түрлері бар. Мәселен, Белоруссия елінде мүгедек балаға 3 жасқа дейін жәрдемақы төленеді, сондай-ақ жүктіліктің ерте кезеңінде есепке тұрған әйелдерге бір реттік жәрдемақы төленеді. Украинада жүктілікке байланысты, сондай-ақ бала асырап алуға, жалғызбасты ата-аналарға бағытталған жәрдемақылар бар. Германияда немерелерін тәрбиелеп отырған аталарға, әжелерге, жалғызбасты ата-аналарға, асырап алған ата-аналарға, опекундарға, мүгедек балаларға 25 жасқа дейін жәрдемақы төленеді. Францияда бала күтушісі қызметіне ақы төлеуге арналған жәрдемақы, балалары бар отбасыларына салық жеңілдіктері, көлікпенен көлікті пайдаланумен демалыс орындарында тұруға жеңілдіктер қаралған. Ұлыбританияда қамқоршылыққа немесе опекунствоға, мүгедек балаларға жәрдемақы төленеді. Швеция билігі кәдуілгі балалар жәрдемақысынан бөлек егер де отбасында бір баладан көп болса, онда балалы отбасыларына баспанаға жәрдемақы және көп бала болғаны үшін қосымша ақы төлейді. Қытайда жетім балаларға жәрдемақы төлейді. Жапонияда көп балалы отбасылар дүкендерде жеңілдіктерге ие.

Елдің аты 1 бала туғанда 2 бала туғанда 3 немесе одан көп бала туғанда Еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшері
Ресей Туғаннан бастап

1,5 жасқа дейін ай сайын

2718, 35 рубль.

Әр балаға

1,5 жастан 3 жасқа дейін ай сайын 50 рубль өтемақы

Туғаннан бастап 1,5 жасқа дейін ай сайын

5436, 67 рубль.

Әр балаға

1,5 жастан 3 жасқа дейін ай сайын 50 рубль өтемақы.

453026 рубльге тең ана капиталы төленеді

Туғаннан бастап

1,5 жасқа дейін ай сайын 5436, 67 рубль жәрдемақы төленеді.

Әр балаға 1,5 жастан

3 жасқа дейін ай сайын 50 рубль өтемақы.

Әр балаға 3 жасқа дейін аймақтық ай сайын күнкөріс деңгейі түрінде төлем төленеді. Егер де

2-ші бала туғанда алынбаса, 453026 рубль көлемінде ана капиталы төленеді. Кейбір өңірлерде

3 немесе одан да көп бала туғанда өңірлік ана капиталы төленеді. Сондай-ақ тұрғын үй салуға жер телімі бөлінеді

Айына

5695 рубль.

ТМД елдері бойынша

Белоруссия Туғаннан бастап

13 жасқа дейін ай сайын 17653700 рубль жәрдемақы. Бірінші бала туғанға бір реттік 10262900 рубль жәрдемақы.

Туғаннан бастап

3 жасқа дейін

2 254 800 рубль ай сайын жәрдемақы. Екінші бала туғанға бір реттік

14 368 100 рубль жәрдемақы.

Үшінші және одан кейінгі балаларға туғаннан бастап

3 жасқа дейін 2 254 800 рубль ай сайын жәрдемақы. Бір реттік 14 368 100 рубль жәрдемақы.

1 466 230 белорусь рубль ай сайын
Украина Туғаннан бастап

6 жасқа дейін еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінің

30 еселенген көлемінде жәрдемақы

Туғаннан баста

6 жасқа дейін еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінің

60 еселенген көлемінде ай сайын жәрдемақы

Үшінші және одан кейінгі баланың әрқайсысына 6 жасқа келгенге дейін еңбекке ақы төлеудің ең төменгі мөлшерінің 120 еселегенген көлемінде жәрдемақы 1218 гривен

Еуропа елдері

Германия 184 еуроға тең ай сайын жәрдемақы 2 балаға да ай сайын 184 еуродан барлығы 368 еуро ай сайын жәрдемақы 3-ші балаға 190 еуро, барлығы 558 еуро.

3 баладан кейінгі әр балаға айына

215 еуродан төленеді

Сағатына 7,5 еуродан 8,2 еуроға дейін
Франция 1 балаға жәрдемақы төленбейді. Ай сайын

120 еуро жәрдемақы

Үшінші бала туғанда ай сайын 274 еуро, төртінші балаға

428 еуро, бесінші балаға 582 еуро. Одан кейінгі әрқайсысына 154 еуродан

1343 еуро ай сайын
Ұлыбритания Туғаннан бастап  балаға 10 жасқа дейін 105 еуро көлемінде ай сайын жәрдемақы Туғаннан бастап 10 жасқа дейін

70 еуро көлемінде ай сайын жәрдемақы

Туғаннан бастап

10 жасқа дейін 70 еуро көлемінде ай сайын жәрдемақы

1005 фунт стерлинг

(1202 еуро ай сайын)

Швейцария Балаларға берілетін жәрдемақы отбасындағы балалардың санына орай әр кантонда жеке дара белгіленеді. Бір балаға туғаннан бастап 16 жасқа дейін 165 еуродан — 330 еуроға дейін.

Ал, 16 жастан бастап 25 жасқа дейін балалар жәрдемақысы ай сайын 210 еуродан 440 еуроға дейін

2200 швейцар франкі (1900 еуро)
Швеция Бір балаға ай сайын

120 еуро

Екі балаға

251 еуро

Үш балаға 411 еуро, төрт балаға 629 еуро. Әр бала басына

218 еуродан. Заңмен бекітілмеген, ұжымдық келісім-шарттар негізінде айқындалады

Голландия Әр балаға туғаннан бастап 6 жасқа дейін 58 еуро ай сайын жәрдемақы, әр балаға

6 жастан 11 жасқа дейін 70,5 еуро ай сайын жәрдемақы. Әр балаға 12 жастан 17 жасқа дейін 82 еуро ай сайын жәрдемақы төленеді

Италия Егер де ата-аналарының табысы 11422 еуродан төмен болса, онда әр балаға ай сайын 250 еуро жәрдемақы. Егер де ата-аналардың жылдық табысы 27 693-тен

30 403 еуро аралығында болса, онда әр балаға айына 38 еуро жәрдемақы төленеді. Егер де ата-аналардың жылдық табысы 43 489 еуродан жоғары болса, онда балаларға жәрдемақы төленбейді. Заңмен бекітілмеген ұжымдық келісім-шарт негізінде айқындалады.

Польша Әр бала дүниеге келгенде 120 еуро төлем төленеді. Әр балаға 3 жасқа дейін ай сайын

12 еуро жәрдемақы төленеді.

Латвия Әр бала дүниеге келгенде үлкен көлемде төлем төленеді. Бірінші балаға берілетін жәрдемақы көлемі басқаларынан көбірек. Туғаннан бастап

1 жасқа келгенге дейін ай сайын анасының жұмыс істеген уақыттағы ай сайынғы табысының 70 пайыз көлемінде жәрдемақы төленеді. 1,5 жасқа дейін ай сайын 285 еуро жәрдемақы төленеді.

АҚШ Балаларға жәрдемақы төленбейді. Тек қана тұрмысы төмен азаматтарға балалар жәрдемақысы жеке дара белгіленеді. Бала туғанға да төленбейді. Тек қана бір жеңілдік баласы бар азаматтар бір балаға жылына 1000 доллар көлемінде салықтан жеңілдік алу мүмкіндігі бар.
Индия Үнді елінде тұрғындар санының көптігіне орай балалар жәрдемақысы жоқ. Алайда, азық-түлік жетіспеушілігіне байланысты үкімет екіқабат және бала емізетін әйелдерге 99 доллар жәрдемақы төлейді. Сондай-ақ, мемлекет есебінен 14 жасқа дейін балаларды ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Қытай Бір баласы бар ата-аналарға ғана 190 еуро жәрдемақы төленеді.
Жапония Алғашқы екі балаға жәрдемақы 400 доллар шамасында. Үшінші және одан кейінгі балаларға 700 доллар. Заңмен бекітілмеген, ұжымдық келісім-шарттар негізінде айқындалады.

 

АҚМЕШІТ АҚШАМЫ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here