QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Көп балалы аналарға шипажайда бір реттік 83000 теңге беріледі

Автор:QAA.kz

Фев 19, 2019

Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Б.Әбдірайымның қатысуымен «Жаңақорған» шипажайының басшылығы мен кәсіподағы арасында жасасқан ұжымдық шартына көп балалы аналарға қолдау көрсету мақсатында өзгерістер мен толықтырулар жасалды. Атап айтқанда көп балалы аналарға және жалғыз басты аналарға жыл сайын Қазақстан Республикасының (10 қазан) Кәсіподақтар күніне орай жалақының ең төменгі мөлшерінің екі еселенген мөлшері (ең төменгі жалақы 42500×2=83000) берілетін болады. Сонымен қатар шипажайдың қызметкерлері әр туған баласына жалақының ең төменгі мөлшері (42500 теңге) көлемінде көмек алады. Б.Әбдірайым: «жұмысшылардың еңбек құқығы мен мүддесін қорғау мақсатында Кәсіподақ әрдайым қол ұшын беруге дайын. Бүгін шипажай ұжымында көп балалы аналарға әлеуметтік қолдау көрсетуге келісім жасалып отыр. Алдағы уақытта мұндай шаралар басқа да кәсіпорындарда жалғасын табады»,-деді.

Қазіргі таңда «Жаңақорған» шипажайында 218 қызметкердің 50 көп балалы ана бар болса,оның ішінде 9-ы жалғызбасты аналар.Ұжым жұмысшылары бұл хабарды қуанышпен қабылдады. Солардың бірі шипажай мейірбикесі көп балалы ана Өмірзақова Ұлбике: «мен осында жұмыс жасағаныма 37 жыл болды. Кәсіпорынның қиыншылық кездерінен бастап,қазіргі өркендеу кезеңіне дейін жақсы білеміз. Бүгінгі ұжымда жастар қатары артып келеді. Олар елімізге танымал,ахуалы тұрақты шипажайда еңбек ететініне мақтан тұтады. Бүгінгі кездесуде кәсіпорын басшылығына, Кәсіподаққа көп балалы аналарға қолдау жасап жатқандарыңызға алғысымызды білдіреміз»-деді.

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *