Қызылорданы «Ақмешіт», «Алашорда» деп өзгертуге ұсыныс бар

0
423

Қызылорда аймағы басшысының есебінен кейін «Сұрақ-жауапқа» кезек берілді. Кездесуге қатысушылар өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, жауаптарын алды.

Облыс әкімі барлық сұрақтар екі апта ішінде қаралатынын, оларға нақты жауап берілетіндігін жеткізді.

Сіздің атқарып жатқан жұмыстарыңыздың барлығы біздің көзалдымызда, бәрін бақылап отырмыз. Халыққа айтарым, Қырымбек Елеуұлы әкім болып келгелі Қызылорда көркейіп келеді. Халық жақсы өмір сүріп  жатыр. Баяндамаңызда алда атқарылатын жұмыстардың барлығын тізіп айтып бердіңіз.  Халық атынан зор денсаулық тілеймін.Алдыңызға қойған мақсаттарыңызды халық үшін орындай беріңіз. Қызылорда қаласына  Ақмешіт немесе Алашорда деген атау берілсе деген тілегім бар. Екінші мәселе, тіс протезін салып беруге облыстық собезге қаржы бөлуді ұйымдастырсаңыз.

Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев:

Алаштың арыстары Қызылорданы астана еткен кезде Сұлтан Қожықовтың сөзін еске алуға болады. Бізде “Рухани жаңғыру” орталығында ғылым кандидаттары бар. Сол “Рухани жаңғыру” орталығының басшылығына тапсырма жүктеймін. Осы мәселеге қатысты өздеріңіздің ұсыныстарыңызды айтыңыздар. Ұсынысқа байланысты тиісті шешім қабылданады. Екінші мәселеге келсек, тіс протезі туралы Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып шешеміз деп ойлаймын.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here