Қызылорда: Мұнай азайса да өсім көбейді

0
295

Аймақ экономикасын әртараптандыру бағытында өршіл міндеттер жүзеге асырылуда. Мұнай өндіру көлемінің жоғарыда аталғандай төмендеуіне қарамастан облыс экономикасы өскелең даму үрдісіне ие. Дәлелді кейбір көрсеткіштерге тоқталып өтсек:

Мұнай өңдеу көлемінің айтарлықтай төмен­дегеніне қарамастан, соңғы 4 жылда алғаш рет 2017 жылы Қызылорда облысы жалпы өңірлік өнімнің көрсеткіші бойынша 2016 жылғы деңгейден 100,8% көтерілді.

2013-2018 жылдары облыс экономикасына  1,7 трлн. теңге тікелей инвестиция тартылды. 2018 жылы инвестиция көлемі 25,5% артты, инвестицияның 22,4% өсімі көп жағдайда кәсіпорындардың өз қаржысын салу есебінен жүзеге асырылды.

Өнеркәсіп саласы бойынша 2013 жылдан бастап 70-тен астам жаңа өндіріс орны пайдалануға берілді. Бұл саладағы еңбек өнімділігі тек соңғы жылдың өзінде 25% артты. 2018 жылы өңдеу саласында өнім өндіру 2013 жылмен салыстырғанда 31,6% артты.

Соңғы үш жыл (2015-2018 жж.) ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі инвестиция көлемі 2,3 есе, жалпы қосымша құн көлемі 12% астам, шикізаттық емес өнім экспортының көлемі 22,7% ұлғайды.

Бірнеше жыл ішінде облыстың жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) құрылымындағы ауыл шаруашылығының үлесі 2,5-3,7% өсті. Облыстан экспортталатын ауыл шаруашылығы өнімдері соңғы 6 жылда 3-тен 15 түрге жетті.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here