Қызылорда: Білім грантымен оқитындар көбеюде

0
304

2013 жылдан бастап көп балалы және аз қамтылған отбасылардың, әсіресе ауылдық жерлерден шыққан талантты балаларды оқытуға облыс әкімінің арнайы гранты тағайындалды. Өткен жылы ол екі есе өсті. Қазір 900 жас аймақта еңбек ресурсының балансына сәйкес облысқа қажетті мамандықтар бойынша еліміздің белді жоғары оқу орындарында білім алуда.

2018 жылы ауылдық жерлердегі аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларын Қазақстанның маңдайалды жоғарғы оқу орындарына оқыту үшін облыс әкімінің грантының санын екі есеге арттырдық және олардың санын жыл сайын 205-ке жеткіздік. Жалпы алғанда бүгінде 900-ге жуық жас осы грант иегері. Енді біз алдымызға облыстағы мектеп түлектерінің ЖОО-ға түсуін 50%-дан кем болмауын міндет етіп қоямыз.

— Қызылорда облысында бюджеттің барлық шығынының 38%-ы білім саласына тиесілі.

— Медицина саласындағы мамандар тапшылығын азайту үшін 2016 жылдан бастап Қазақстанның жетекші жоғары оқу орнында облыс әкімінің грантымен 42 жас білім алуда. Осы жылы 16 білікті маман келеді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here