Алматы, Шымкент көп балалы аналары не айтты?

0
707

Кеше ғана Астана қаласының көп балалы аналары 4 ақпан күнгі оқиғадан кейін Үкіметке біраз наразылықтарын айтып, талаптарын қойған еді. Алматы және Шымкент қаласының да аналары өз ұсыныстарын айтуға әкімдіктің алдына жиналыпты.

Алматының көп балалы аналары да қала әкімдігіне барды. Әкімдіктің қызметкерлері оларды ғимарат ішіне кіргізген. Жиынға қатысқандардың сөзінше қала әкімі Б.Бәйбектің өзі емес, оның орынбасарлары, өзге де қызметкерлері сөйлесіп, аналарға түрлі уәде беріп тарқасқан екен. Қала әкімдігінің алдына жиналған 50-ге жуық аналар Астанада болған өрттен кейін үйде отыра алмағандарын жеткізген. Сонымен қатар, көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны көбейтіңдер деген талаптарына мардымды жауап ала алмағандарына реніштерін білдірген.

– Менің жолдасым жақында балаларға берілетін жәрдемақының құжаттарын дайындаймын деп жүріп, жолда жүрек талмасынан қаза болды. Қаазір 6 балам бар, басымда баспанам жоқ, — дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлдариға Мамырова.

Алматы әкімінің орынбасары Ерлан Әукенов жиынға келген әр ананы жеке-жеке тыңдап, әрқайсыңыздың ұсыныстарыңызды министрліктің өкілдеріне жеткізіп, ұсыныс дайындаймыз деген.

Шымкент қаласы әкімдігінің алдына да бірнеше адам келген. Олар әлеуметтік желідегі әкімдік алдына жиналамыз деген хабарды естіп жиналған екен. Алайда ғимаратқа келген тұрғындарды қала әкімдігінің қызметкерлері қарсы алып, сұрақтарыңыз болса ғимаратқа кіріп айта беріңіздер деген. Бірақ, тұрғындар 30 минуттай әкімдіктің сыртында тұрып ішке кірместен кетіп қалған екен.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Please enter your comment!
Please enter your name here