Нәлібаев бір жылда қала кірісін арттырды

0
473

Елімізге белгілі тұлғалардың бірі Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев әкімі болып келетін Қызылорда қаласының бюджеті 2018 жылдың басында 42 млрд. теңге көлемінде бекітіліп, жыл қорытындысымен 51 млрд. теңгеге жеткен. Қаржылардың басым көпшілігі, яғни 41% білім саласына, ал қалған 18% құрылыс және 14% коммуналдық шаруашылыққа бағытталған. Демек, бұл көрсеткіш қала әкімі Н.Нәлібаевтың бір жылда қала қаржысын 9 млрд. теңгеге арттырғанын көрсетеді. Сонымен қатар, қала қаражатының жұмсалып жатқан басым бөлігі осы 3 салаға тиесілі екен.

Сонымен ресми дерек көздерінің мәліметі бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарында қаламыздың кіріс бөлігі 100,4 пайызға орындалса, оның ішінде қаланың өз кірістері 101,1% жетіп басымдық танытуда. Өнеркәсіп кәсіпорындары өткен жылы 792 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Бұл жыл ішінде негізгі капиталға салынған қаржы көлемі 135,4 млрд. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22,2 пайызға артқан.

Өткен жылдың айтулы бір жетістігі қаламыздың 200 жылдық мерейтойының атап өтілуі. Мерекеге арнап облысымыздың әр ауданы қаламыздағы түрлі ойын-сауықтық демалыс орындарына қайта жөндеу жұмыстарын жасап, инфрақұрылымын жаңартып, қала күніне одан өзге де үлкен сый жасаған. Қазіргі таңда жас та болса, бас болып, ел алдындағы міндеттерін адал орындап жүрген қала әкімі Н.Нәлібаев бүгінде толағай табыстарға қол жеткізіп, қала тұрғындарының әл-ауқатының жақсаруына, өзекті мәселелерін шешуге жүйелі түрде жұмыс жасап жатыр.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here