QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Қарауылтөбеде сүт пен саумал бар

Автор:QAA.kz

Фев 4, 2019

Бүгінде тәуекелге бел буып, жеке кәсіппен айналысамын елімнің өркендеуі үшін атсалысамын деген азаматтар өте көп. Оның бір дәлелі Қарауылтөбе ауылдық округінің кәсіпкерлері. Рүстембек Оңдашов былтыр «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға» арналған бағдарламасымен «Ауылшаруашылығын қолдау қоры» арқылы 4 млн. теңгеге 20 сиыр, 1 бұқа алған. Қазір мал басын асылдандыру мақсатында жұмыс жасап жатыр.

– Қазір 20 бас ірі қара малымды 30 бас етіп көбейтіп, 2 адамды жұмыспен қамтып отырмын. Ауыл тұрғындарына және қаладағы тұрақты сатып алушыларыма сүтті 150 теңгеден беремін Сонымен қатар мал шаруашылығынан бөлек қосымша күріш ақтайтын цехым бар, — дейді, жеке кәсіпкер Рүстембек Оңдашов.

Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында «Аграрлық несие корпорациясы» арқылы жеке кәсіпкер Мөлдір Бекбаева 6 пайыздық жеңілдікпен  3 млн теңгеге 9 бас жылқы алып төлдетіп, ауыл тұрғындарын сүт, саумал және қымызбен қамтамасыз етіп отыр. Шаруашылықта 1 адам жұмыс жасауда. Жаздың күндері алдын ала тапсырыспен ем үшін саумал, қымызды  литрі 500 теңгеден сатады. Алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсібін кеңету жоспарда бар.

– 2018 жылы ауылдық округ бойынша 26 жеке кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. 12 жоба өтіп, 32 млн теңге қаржы алынды. Оның 10 млн «Ауылшарушылығын қолдау қоры», 22 млн «Өңірлік инвестициялық орталық» арқылы алынды. Биылғы жылы 10-нан астам жоба жасалынып, 15 млн. теңге көлемінде қаражат ұсынылып отыр. Негізі бағыттары мал шаруашылығымен айналысу, — дейді Қарауылтөбе ауылдық округінің әкімі Бекболат Шәріпбеков.

Қосшыңырау ауылының наубайханасы

         ЖК «Абуова» 2018 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде «Мемлекеттік гранттар беру» бағыты бойынша наубайханаға құрал-жабдықтар алу мақсатында қайтарымсыз  900 мың теңгемен қаржы алған. Мақпал Абуова 16 млн теңгеге нан өндіретін наубайхананы тұрғызып, қазір 4 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтып отыр. Сондай-ақ, күніне 200-300 нан дайындап ауыл дүкендеріне 45 теңгеден өткізеді. Тапсырыспен тәтті тоқаштар мен торттарда пісіруде. Аптаның бейсенбі, жексенбі күндері ауылдағы тұрмысы төмен 20 отбасына 2 наннан береді.                                                                                                – Қосшыңырау ауылдық округінде 2018 жылы 22 жоба 91 млнға іске асырылды. Оның бірі Досан ауылындағы «Қызылорда өңірлік инвестициялық» орталығы арқылы алынған құны 5 млн. теңгелік қоғамдық монша салуға,  наубайхана және қалған 20 жоба малшаруашылығы бағытында. Биыл сол 22 жоба арқылы 45 адам тұрақты түрде жұмыспен қамтылды. Мұның ішінде 11 жоба 38 млн-ға «Өңірлік инвестиция оратлығынан»  мал басын асылдандыру мен бордақылауға алынды. Одан кейінгі 3 жоба ауыл шаруашылығын қолдау қоры арқылы 10,5 млн. теңге және «Сырдария» несие серіктестігімен 5 жоба 39,6 млн. теңге жұмыс жасады. 2017 жылы 42,6 млн. теңгеге  9 жоба жүзеге асырылды, — дейді Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі Таубай Дулат.

Қызылорда қаласына қарасты кент, ауылдық округтердегі кәсіпкерлік нысандарын аралаудағы басты мақсат халық қай ауылда не бар екенін білсін, көрсін деген ниет. Кәсіпкерлердің санын арттыру тек бәсекеге қабілеттілікті көрсетіп қана қоймай, елдің әлеуметтік жағдайын көтеріп,  жұмыссыздықты азайтуға сепітігін тигізеді.

Т.КЕНЖЕБАЕВА

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *