Жастар жылы жастарға не береді?

0
598

Жастар жылында Қызылорда облысында бірқатар шаралар өткізу жоспарланып отыр. Аймақта өңір халқының 24 пайызын жастар құрайды, Байқоңыр қаласының жастарын қоса есептегенде 14 пен  29 жас аралығындағы 190 101 тұрғын есепке алынған (қала жастары – 79 795 (42%), ауыл жастары – 110 306 (58%).

— Жыл сайын 100 түлекке еліміздің белді жоғары оқу орындарына облыс әкімінің гранты бөлініп келсе, 2018 жылы олардың саны 2 есеге ұлғайды. Бүгінгі таңда грант иегелерінің саны 900-ге жуықтады. Бүгінгі күні түлектердің 45-і Ресей Федерациясының оқу орындарында білім алуды жалғастыру мақсатында магистратураға түссе, елге оралған түлектердің 19-і жергілікті кәсіпорындар мен мекемелерге тұрақты жұмысқа қабылданды. Биылғы  жылы Ресей Федерациясындағы жоғары оқу орындарды 117 түлек бітіреді деп күтілуде,- деді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қуаныш Жанұзақов.

Алдағы 2018-2019 оқу жылына әр студентке 32 580 теңге көлеміндегі жолда жүру ақысын төлеу жоспарлануда.

Жұмыс тобы отырысының қорытындысымен, ҚР Қоғамдық даму министрлігімен ұсынылған «Жастар жылын» өткізу жөніндегі Жол картасының жобасын басшылыққа алынып, 11 бағытты қамтыған 113 тармақтан тұратын «Қызылорда облысында «Жастар жылын» өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының» жобасы әзірленді. Аталған жоспарға енгізу үшін салалық құрылымдармен жалпы құны 189,7 млн. теңгені құрайтын, 28 жаңа жоба ұсынылды. Барлық жобалардың бюджеттік өтінімдері экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына тапсырылды.

Жастар жылын атап өту 5 кезеңге қарастырылды:

— жылдың салтанатты ашылуын бір мезетте (барлық аудандарда) ақпан айында ұйымдастыру;

— мамыр айында облыстық ауыл жастарының слетін ұйымдастыру;

— маусым айында түркі тілдес елдер жастарының халықаралық фестивалін Қармақшы ауданында өткізу;

— тамыз айында «Жас Отан» жастар қанатының республикалық тынығу лагерін Қамбаш көлінде ұйымдастыру;

— желтоқсан айында «Жастар жылының» салтанатты жабылуы, қорытындылау.

Сондай-ақ, жоспарға сәйкес келесі ірі және жаңа бастамаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр:

— қала, аудандардан «Жастар сарайын» және «Жастар аллеясын» ашу мүмкіндіктерін қарастыру;

— «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі – жастардың заманауи білімінде» TEDх форматындағы республикалық форум;

— «Hack Day» және «HARDATHON» байқаулары;

— жергілікті «Орда» бағдарламасының шеңберінде жастарды, жас отбасыларды қолдау мүмкіндіктерін қарастыру;

— жас балалары бар 29 жасқа дейінгі әйелдерге кеңес беру, қолдау көрсету қызметін ұйымдастыру;

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жастар арасында ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу;

— «ALTYBAQAN» жастардың ойын-сауық теле-бағдарламасын ашу;

— қала, аудандардағы «Жастар ресурстық орталықтары күндерін» ұйымдастыру;

— облыстық жастар сыйлығын ұйымдастыру;

— студенттік театрлар арасында республикалық фестиваль ұйымдастыру;

— облыстық жас блогерлер слетін ұйымдастыру және т.б.

Сонымен қатар, облыс әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі Кеңес отырыстарын тоқсан сайын, жергілікті деңгейдегі жастар істері жөніндегі кеңес отырыстарын ай сайын өткізу жоспарлануда.

А. ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here