QAA.kz

"Ақмешіт ақшамы" газеті

Iшкi саясаттың саясаты қандай?

Автор:QAA.kz

Фев 1, 2019

Өткен жылы қала, аудан әкімдерінің және аумақтық департамент, басқарма басшыларының қатысуымен 159 брифинг беріліп, басқарма тарапынан 14 баспасөз-туры ұйымдастырылған. Республикада алғашқылардың бірі болып «Қызылорда облысының мемлекеттік жастар саясатын дамытудың 2021 жылға дейінгі Жол Картасы» бекітілген. Сондай-ақ, Сырдария өзенінің сол жағалауында Жастарға қызмет көрсету орталығының құрылысын басталған болатын, аталған нысан «Жастар жылы» аясында пайдалануға берілетін болады.  Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов баяндады.

Облыстық ішкі саясат басқармасы мемлекеттік саясаттың басымдықтарын насихаттап, өңіріміздің қоғамдық-саяси ахуал тұрақтылығын сақтайды. Сондай-ақ, аса маңызды азаматтық қоғам институттарын дамыту мен мемлекеттік тіл, діни ахуал саясаты мен ақпараттық саясатты жүргізеді. «Акимат-24» ақпараттық жүйесіне әр сала бойынша 37 мәселе енгізіліп, 29 тапсырма ішінара орындалды. 2018 жылдың IV тоқсанындағы сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттердің 88 пайызы аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалды тұрақты деп сипаттаған. Қазіргі сәттегі өмір сүру деңгейіне респонденттердің 89,9 пайызға жуығы қанағаттанатынын білдірген. Бұл көрсеткіштер өңірде әлеуметтік-саяси толқуларға негіз жоқ екендігін көрсетеді. Аймақта мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру мақсатында өткен жылы 757 570,0 мың теңге қаржы бөлініп, 2018 жылғы 8 қаңтарда  облыс әкімімен бекітілген «Облысымыздың әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі Бас медиа-жоспарына» сәйкес барлық маңызды салалар ақпараттандырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауын түсіндіру мақсатында 2017 жылы 15 ақпанда №487-Ө өкімімен құрамында мемлекеттік органдар басшылары, мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар мен БАҚ, зиялы қауым өкілдері бар облыстық ақпараттық топ (129 адамнан жасақталған) құрылды. Сондай-ақ, қала және аудан көлемінде 9 ақпараттық-насихаттық топ (7 аудан және Қызылорда, Байқоңыр қалалары) құрылып, оған барлығы 44 топ, 259 мүше енгізілді.

Облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінде, жалпы 31 мекемеде тіл туралы заңнамалардың орындалуына зерделеу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар басқармалар мен әкімдіктерде «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының  8-бабы талаптарының бұзылғандығы, сондай-ақ, деректемелер мен көрнекі ақпарттарда тілдік нормалардың және Елтаңба бейнеленген ұйымның құжат бланкілерінде құжат деректемелерін ресімдеу тәртібі сақталмағандығы анықталды. Зерделеу жұмыстарының нәтижесімен көрсетілген кемшіліктер жойылды.

— Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналастырылуы мен қолданылуында кемшіліктер азайған. Бұл ретте, басқарма облыстық ішкі істер, Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылы Қызылорда қаласы және аудан орталықтарындағы  628 мемлекеттік мекемеге бақылау жұмыстарын жүргізді.  Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін пайдалану мен насихаттау саласындағы жұмыстарды мониторингілеу жөніндегі республикалық инспекциялық топ ағымдағы жылғы 16-18 мамыр аралығында Қызылорда қаласы мен Шиелі, Қармақшы, Қазалы, Арал аудандарында орналасқан жергілікті және аумақтық мемлекеттік мекемелер мен құқық қорғау, білім беру, барлығы 95 мекемеге тексеру жұмыстарын жүргізді,- деді облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов.

Өңірде мемлекеттік рәміздер аллеялары Қызылорда қаласында, Арал, Қазалы аудандарында ашылды. Бүгінде онда патриоттық шаралар, мемлекеттік қызметшілердің шаралары ұйымдастырылып келеді. 2761 шара осы  аллеяларда өтті.

Бүгінгі күні мемлекеттік мекемелердегі рәміздердің орналастырылуы мен қолданылуында кемшіліктер азайған. Бұл ретте, басқарма облыстық ішкі істер, Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық департаменті қызметкерлерімен бірлесіп 2018 жылы Қызылорда қаласы және аудан орталықтарындағы  628 мемлекеттік мекемеге бақылау жұмыстарын жүргізді.

Есепті мерзімде ономастика саласында Елбасының  тапсырмасына сәйкес идеологиялық тұрғыдан ескірген және қайталанған атауларды тарихи және дәстүрлі атаулармен ауыстыру жұмыстары жүргізілді. 2018 жылы облыстық ономастика комиссиясының 3 отырысы өткізіліп, 165 ұсыныс қаралды. Нәтижесімен 17 объектіге, 4 ауылға, 108 көшеге  оң қорытынды берілді.

Қызылорда облысында 1067 үкіметтік емес ұйым тіркелген. Өткен жыл бойынша 240 үкіметтік емес ұйым Дерекқорға мәлімет ұсынды. Жиын барысында мамандар үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі дерекқорға тіркелмейтіндігін жеткізді. Осы ретте аталмыш ұйымды дерекқорға тіркелуге шақырды.

Аймағымызда діни ахуал тұрақты. Облыста 181 діни ұйым бар, оның ішінде 166-сы мешіт, 15-і христиандық бағыттағы жерілікті діни бірлестік. Шетелдегі діни оқу орындарында облыс тұрғындарынан 11 адам білім алуда. Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында 2018 жылы АТТ мүшелерінің қатысуымен 1 737 шара ұйымдастырылып, 61 340 адам қамтылды.

А. ОМАШ

QAA.kz

QAA.kz - "Ақмешіт ақшамы" газеті. Қазақстан және Қызылорда жаңалықтары.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *