Француздар неге көшеге шықты?

0
118
France’s Economy Minister Emmanuel Macron gestures as he speaks during a TV debate"Europe at a Tipping Point"at the World Economic Forum in Davos, Switzerland, Friday, Jan. 22, 2016. World leaders are holding a flurry of diplomatic meetings at the World Economic Forum and worried CEOs are debating about how to deal with this year's volatile markets and low oil prices.(AP Photo/Michel Euler)

Өткен аптаның сенбісі Франция үшін тыныш болмады.

Үкіметтің жанар май салығын көтергеніне, тағы да бірқатар шешімдеріне наразы болған жұрт көшеге шықты. Бір адам қаза болып, 408 адам зардап шексе, оның 14-і ауыр жараланды.

Сенбі күні Париждің Келісім орталық алаңы мен Енисей алқабына ереуілшілер көп жиналды. Француз астанасы айран-асыр, ереуілшілердің не белгілеген уақыты, не жоспары жоқ. Қауіп басым, әдетте адам көп жиналған жерде жарылыс болып, әралуан террорлық оқиғалар орын алуы мүмкін. Полиция әрі-бері шыдап бақты. Бар болғаны жиналғандарды топ-топқа бөліп отырды. Осылай бақылауға ыңғайлы. Алайда, тобыр қоршауды жарып шығып, Президент сарайының қақпасына ұмтылды. Құр ұмтылмай «Макрон, отставкіге кет» деп айқайлап қояды. Амал жоқ, қатарын қатайтқан полиция жәрдемге келген жандармериямен бірге ереуілшілерді қайтадан алаңға қуып тықты.

Ел бойынша 2 мыңнан астам елді мекенде ереуілге шыққандардың біразы жаралы болды, ауыр жаралылары да жетерлік. Полиция пикетті бірнеше рет көзден жас шығаратын газбен қуған.

Өкінішке орай, қаза болған ереуілшіні көлігімен қызын дәрігерге апара жатқан әйел басып кеткен.

Ішкі істер министрлігінің қорытындысы бойынша 2 мың елді мекеннен 287710 адам ереуілге шыққан. БАҚ-тар таратқан ақпарат бойынша оншақты полицей мен жандарм зардап шеккен, 117 адам ұсталып, 75 адам қамауға алынған.

Ереуілшілер елдегі жағдайдың нашарлағанына наразы. Олар жұмысшылар, қызметшілер, ауыл шенеуніктері, ұсақ кәсіпкерлер, сондай-ақ зейнеткерлер. Оларды ереуілге шығарған: биылғы жылы бензин 15%-ға, жағар май 23%-ға қымбаттағаны аздай, келер жылдың басынан бастап жанар май 2,9 еуроцентке, жағармай 6,5 еуроцентке қымбаттататын салық қосылғалы отыр.

Арнайы зерттеу институтының жүргізген сауалнамасы қорытындысы бойынша Президент Э.Макронның да, үкімет басшысының да  халық арасында беделі түсіп келеді.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here