БҰЙРЫҚ БЕРЕТІНДЕР АЗАЯДЫ

0
112

Елбасы Жолдауы жарияланғаннан кейін облыс әкімдігі 56 тармақтан тұратын өңірлік іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті. Елбасының тапсырмасына сәйкес мекемелерді оңтайландыру мақсатында облыста бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі күнде Денсаулық сақтау саласының  аудандық 3 туберкулезге қарсы диспансері облыстық туберкулезге қарсы диспансеріне біріктірілді. Облыстық психикалық денсаулық орталығын облыстық наркология орталығымен біріктіру туралы қаулы қабылдануда. 2019  жылы ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген Қызылорда облысының денсаулық сақтау ұйымдарын дамытудың перспективті жоспарына сәйкес «Облыстық тері-венерологиялық диспансерін», «Қызылорда онкологиялық орталығын», «облыстық жұқпалы аурулар ауруханасын» «Қызылорда қалалық ауруханасына» біріктіре отырып, облыстық көпсалалы аурухана құру жоспарлануда. Бұл туралы өткен бейсенбіде өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында  облыстық қаржы басқармасы басшысының орынбасары Ернат Мәжитұлы  баяндады.

Баспасөз мәслихатында ең алдымен облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғали Қордабай баяндама жасады. Оның мәліметінше, облыста жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақыларын көтеру үшін ірі және орта кәсіпорын­дардың басшыларымен келіссөздер жүргізілуде. Нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар айынан бастап 6 кәсіпорында 600-ге жуық қызметкерлердің еңбекақысын көтеру жоспарлануда. Бұл ретте, олардың орташа айлық еңбекақысы 45270 теңгеден 55570 теңгеге дейін ұлғаятын болады.

Өңірде алғашқы медициналық сани­тарлық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша кешенді шаралар іске асыры­луда. Аурулардың емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік меди­циналық қызметкерлерді ынталандыру үшін 2019 жылы 1 қаңтарынан 1970 меди­циналық қызметкерлердің  жалақысын 20%-ға кезең-кезеңмен ұлғайту жоспар­лануда. 2019 жылы  облыстық бұқаралық спорт және  дене шынықтыру қолжетім­дігін арттыру үшін  өңірлік деңгейдегі резервтер есебінен мемлекеттік-жекеше­лік әріптестік арқылы 8 денешынықтыру сауықтыру кешені пайдалануға берілмек. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде 8 нысан іске қосылды. 2019 жылы 19 нысан салу көзделіп отыр.

— Елбасы Жолдауында  аса маңызды көңіл бөлінген тағы бір сала  — тұрғын үй салу мәселесі.  Бұл ретте «7-20-25» бағдар­ламасын іске асыру және халыққа тиім­ділігін түсіндіру мақсатында, жергілікті телеарналар мен басылымдарда 300-ден астам ақпараттық — жарнамалық мате­риалдар  жарияланды. Сонымен қатар, екінші деңгейлі банктер арқылы 432 кеңес беріліп, 212,3 млн. теңге сомасына 21 өті­ніш  түсіп, 196 млн. теңгеге 20 өтініш мақұлданды. Оның ішінде 18-і  ипотека­лық несие ретінде берілді,- деді Нұрғали Қордабай.

Мұнан кейін  облыстық экономика және бюджетті жоспарлау басқарма­сының басшысы Нұрғали Қордабай  биылғы жылдың 10 айындағы әлеуметтік экономикалық даму нәтижесіне тоқтал­ды. 2018 жылдың бірінші жартыжылды­ғында жалпы өңірлік өнім 746 млрд. тең­гені құрады. 2018 жылдың қаңтар, қазан айларында ауылшаруашылығының жалпы өнімі 1,3 %-ға, құрылыс жұмыс­тары 1,1 %-ға , бөлшек сауда айналымы 1%-ға артып отыр. Өнеркәсіп өндірісі 7,1%-ға, өндеуші өнеркәсіп 11%-ға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру  көлемі 7,4%-ға  төмендеген. Мұнай өндіру саласы жыл сайын кемуде. Ағымдағы жылдың 10 айында 5,4 млн. тонна мұнай өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 351 мың тоннаға  кем.

Қорғасын мыш кен орнында  тау кен комбинатының құрылысы басталды. Тұрғын үй құрылысы бойынша ағымдағы жылы  69 тұрғын үйдің құрылысы жүр­гі­зілді.  56 тұрғын үй биыл пайдалануға берілу жоспарлануда. Есептік кезеңде 51 тұрғын үй пайдалуға берілді, жыл аяғында дейін 5 тұрғын үйдің кілті табысталады деп күтілуде.

Республика бойынша бюджет шығын­дарын жан басына шаққанда аймағымыз 6-шы орында. Әлеуметтік сала шығында­ры бойынша 1-ші орында көш бастап тұр.

Барлық ауылдық округтердің бюджет­тік кіріс көздері 10 млрд. 389 млн. теңге сәйкесінше бекітіліп отыр. Мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында  облыста жалпы құны 35 млрд. теңгені құрайтын 75 жоба іске асырылу үстінде. Оның ішінде 30 жоба денсаулық сақтау саласы, яғни өңірдегі медициналық мекемелер толық­тай медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталатын болады. Қызылорда қаласында 200 орындық жатақханасы, 600 орынға арналған колледж құрылысы, жаңа әуежай құрылысы, қатты тұрмыс­тық қалдықтарды сұрыптау зауытының құрылысын бастау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі таңда 22 жоба бойын­ша келісімшартқа қол қойылса, жыл аяғына дейін қосымша 10 жоба бойынша келісімшартқа қол қою жоспарлануда. Оның ішінде ағымдағы жылы облыстық медицина орталығы мен Қазалы ауылдық аудандық ауруханаға ангиог­раф орна­тылады. Сонымен қатар, әлеу­меттік нысандардың бу қазандықтары газға ауыстырылатын болады. 5 спорттық кешен ашылмақ.

Облыстық қаржы басқармасы басшы­сының орынбасары Ернат Мәжитұлы жеке­шелендірудің барысы туралы сөз қозғады.

— 2016-2017 жылдары барлығы 8 ны­сан­ның,  оның ішінде коммуналдық мен­шіктің 3 нысаны және «Байқоңыр ӘКК» акционерлік қоғамының 5 нысаны жекешелендірілді.  Барлық нысандар 379 млн. теңгеге сатылды. Бұдан бөлек  2 нысан таратылды. 2018 жылы 4 нысанның сауда-саттықтарда өтпеуіне орай оларды тарату туралы шешім қабылданып, тарату жұмыстары жүргізілуде.  2018 жылдың 3-ші  мамырда»Қорқыт ата» әуежайы» АҚ бойынша Қазақстан Республикасы экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімімен жекешелендіру объектілерінің тізбесінен алып тастау туралы шешім қабылданды,- деді ол.

5 қазан күні Елбасы жариялаған Жолдауында әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті мекемелерді мүмкіндігінше біріктіру керектігін айтқан болатын. Осыған байланысты  облыс әкімдігімен бірқатар  жұмыстар атқарылуда. Денсау­лық сақтау саласында  3 аудандық тубер­кулезге қарсы Қазалы, Қармақшы, Сырдария аудандарының диспансерлері облыстық туберкулезге қарсы диспан­серлерге біріктірілді. Қазалы диспансе­рінде 78 қызметкер қысқарғанмен, 64 қызметкер басқа жұмысқа орналасты.

Мамандардың айтуынша, Мәдениет басқармасымен бірлесе отырып, музей­лерді кітапхана және мұрағаттарды біріктіру жұмыстары көзделіп отыр. Мәдениет саласында аудандарда мәдениет басқармасына қарасты 32  дербес заңды тұлғалар болса, оларды  топтастырып 3 ұйымға біріктіру жоспарлануда.

Қош, сонымен қаншама мекемелер біріктіріліп, бір мекемеге айналады. Бұл дегеніміз қаншама адам жұмыссыз қалады деген сөз емес пе?  Жұмыссыз қалған маман­дардың жағдайын кім ойлайды? Мамандар қайда барады? Көкейде сұрақ көп-ақ. Бірақ жауабы жоқ. Бұл мәселе жайында баспасөз мәслихатында мүлдем сөз қозғалмады.

А.ОМАШ

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here