Түрікмен еліндегі тегіншілік

0
139

Келер жылдың басынан бастап Түрікмен елінде тұрғындарға тегін жарық, газ, ауыз су, ас тұзы тоқтатылды. Мемлекеттік ақпарат агенттігінің хабары бойынша «елдің жарқын дамуы үшін билік осылай шешім етті».

Ендігі жерде жарық, су, газ, тұз тұрғындарға жеңілдетілген бағамен беріледі. Әзірге оның жолдары қарастырылуда.

Түрікмен елінің алғашқы Президенті Сапармұрат Ниязов 1993 жылы газ, жарық, су, тұзды он жылға дейін, кейін 2030-шы жылға дейін тегін еткен еді.

2017-ші жылдың маусымында Президент Бердімұхамедов үкіметке тұрғындарға тиесілі жеңілдіктерді алып тастау жөнінде ұсыныстар әзірлеуге тапсырма берген болатын. 1993-ші жылдан бері түрікмендіктер коммуналдық қызметтерді жеңілдікпен пайдаланып келеді. Мәселен, әрбір тұрғын 35 киловатт сағат электр жарығын, 50 кубометр газды күніне 250 литр суды тегін пайдаланады. Сондай-ақ 2008 бен 2014 жылдар аралығында жеңіл көлік иелері айына 120 литр тегін жанар май алған.

Ендігі жерде тұрғындардың қай топтарына жеңілдіктер жасалатыны әзірге белгісіз.

Дыбыстан жылдам

Жапон елі алыс қашықтықтағы нысанды жоюға бағытталған дыбыстан жылдам бомба жасауда. Бұндай бомбалы зымырандар жерден ұшырылады. Олардың жылдамдығы зор болуы себепті, оны тоқтату шын мәнінде мүмкін емес. Әрине, қарулану Жапон заңының бейбітшілік ережесіне қарама-қайшы.

Ел билігі бомбалы зымырандарды Қытаймен екі арада дау тудырып келе жатқан Сенкаку архипелагына орналастырмақшы. Бұған дейін Жапон билігінің әуе қарулы күштері үшін жаңа  истребительдер жасау жобасына 55 млрд. доллар жұмсап отырғаны жарияланған болатын.

Биылғы жылдың сәуір айында Жапонияда соғыстан кейін жаңа теңіз десанты құрылды.

Жалған ақпар

Facebook пен twіtter, Googіe және тағы да басқа технологиялық және жарнамалық компаниялар Еуропа бойынша жалған ақпараттардың таралуына қарсы бірлесе күресуге келісімдерін бекітті. Белгілі болғанындай компаниялар нақты емес, өтірік ақпараттарды таратпауға бірігуде.

Арнайы зерттеу қорытындысы бойынша күн сайын еуроодақ тұрғындарының үштен бір бөлігін жалған жаңалықтар жайлайды. Сондай-ақ шынайы ақпараттарға қарағанда фейк жаңалықтар Тwіtter арқылы 70% көп тарайды екен.

Түрмеге қамамайды

Үнді елінің Жоғарғы соты ерлі-зайыптылардың бірінің екіншісінің «көзіне шөп салғаны үшін» қылмысты қудалауды алып тастады. Сот Д.Мисраның бұл шешімін патриархалды ел үшін үлкен төңкеріске балап жатқандар да бар. Үнді елі заңының көп бөлігін бұдан 150 жыл бұрын ағылшын Томас Маколей жасаған. Лорд Маколей «көзге шөп салу» некенің қасиеттілігін құртады, содан да айыппұл емес, түрмеге лайық деп есептеген. Оның «Ерлі әйелдің күйеуінің рұқсатынсыз онымен жыныстық қатынаста болған  еркек қылмысты» деп таныған қағидасы Үнді елінің қылмыстық кодексінің 487-ші бабында бекітілген. Күні бүгінге дейін, ХХІ ғасырға дейін жеткен.

Италияда тұратын үнділік бизнесмен Джозеф Имне өткен жылдың тамызында Жоғарғы сотқа «көзіне шөп салғаны үшін» қылмысты болатын бапты алып тастауды сұрап хат жазған. Оның пайымында бұл бап некеге адал емес күйеулерін жауапқа тартуға құқы жоқ әйелдер құқығын бұзу болып табылады.

Бұған дейін де бұл бапты алып тастауға біршама әрекеттер болғанымен, осыдан бір ай бұрын «көгілдірлерді» өмір бойы түрмеге қамауды да өзгерткен Мисра мүмкіндік жасапты. Өкініштісі, либерал Мисра сот зейнетке кетіп барады екен.

Үшеуі өлім жазасына кесілді

Осы жылғы тамыз айында Иранда экономикалық қылмыстарды қарау үшін құрылған Ислам революциялық соты жемқор деп айыпталған 35 адамға үкім шығарды. Ресми ақпарат бойынша сот «жер бетінде жемқорлықтың таралуына айыпты» деп таныған үшеуін өлім жазасына кесті. Қалған 32 адам ең әрісі 20 жылға дейін абақтыға отырады.

Нөсерлетті

Краснодар өлкесіндегі нөсер жауыннан 30 елді мекен зардап шеккен. Тіпті кей жерлерде төтенше жағдай жарияланған.

Лайсаң сел, су ағыны, бас көтертпейтін дауыл әсерінен курортты аймақ апат орнына айналған. Көтерілген су деңгейі 2 метрге дейін жеткен. Су тасқыны салдарынан екі адам қаза болған, бір адам із-түссіз жоғалғандар санатында. 2,5 мыңнан астам үй жарықсыз, кей ауылдар газсыз қалған. 500 адам көшірілген. Джубга Сочи арасын байланыстыратын Маконсе өзеніндегі көпір қираған, Адлер менен Сочи аралығындағы теміржолды су шайып, қозғалыс тоқтаған.

Апат салдарынан күтпеген жерден Сочи байланыссыз қалып, сырт әлемнен сырт қалғандай. Биліктің айтуынша байланыс қалпына келгенше өмірге қажетті азық-түлік, отын тағы да басқа заттар қоры жеткілікті. Әзірге…

Таныспаймын дейді

Ресей мемлекеттік Думасының отбасы, әйелдер мен балалар мәселелері бойынша комитет төрағасы Т.Плетнева таныстық сайттарын жауып тастауға ұсыныс еткен. «Уақытында біздер би алаңында, көшеде, оқу орнында, әрқалай таныстық. Қазір не? Кнопканы бассаң болды, интернеттегі таныстық өте қауіпті, кім екенін білмейсің. Бәлкім алаяқ, ауру, болмаса қанішер шығар» деген ол мұндай сайттарға тыйым салу керек дейді.

Ал, бұған қарсы болушылар тым көп.

Бұл депутат Плетнева бұған дейін де ресейлік қыз-келіншектерді шетелдіктермен жақындаспауға, некелі ерлі-зайыптылармен азаматтық некедегілердің құқығын теңестіру керек деп ұрандаумен қатар қыздарға кіндіктерін көрсетпей, дұрыс киін деуімен, пленарлық отырыстар тым ұзақ, үйге барып, әйелдер күйеулеріне кешкі ас беруі керек деген сияқты ерекше қарсылықтарымен жұрт есінде қалған.

Тұрақтамайтындарға арналады

Читалық суретші Иван Рыбас Забайкалье өңірінің өмірі басшы тұрақтамайтын, әрі кетсе 1,5 жыл әрең отыратын губерния үкіметі үйінің алдына ерекше ескерткіш-инсталляция орнатқан. Шабадан, үстел, пиджак. Үстел сынық. Өйткені аймақтың жағдайы мәз емес, қай жағынан да қирап тұр. Пиджак ескі, бір емес бірнеше адам киген. Ал, шабадан келіп-кететіннің белгісі.

Көп ұзамай Кремль Қиыр Шығыс бойынша Министрдің бірінші орынбасарын губернатордың міндетін атқарушы етіп жіберіпті.

Ескі кеме

Халықаралық жоба археологтары Қара теңіз түбінен жақсы сақталған ескі кеме тапты. Соңғы үш жылда бұл теңіз экспедициясы 40 кеме суға кеткен жерді зерттеп, Рим сауда кемелерін Осман империясының кемелеріне дейін суға батқан 60 кеме тапқан. Бірақ, бұл жолғы ерекше ұзындығы 23 метр болатын кеме қазіргі Болгария маңында 2400 жыл бұрын 2 километр тереңдікте суға кеткен. Оның желкені, рулі, тіпті ескекшілер орындығы жақсы сақталған. Тіпті, теңізшілердің түскі асы — блық сүйегі де қалыпты. Бұл сауда кемесі екені белгілі болғанымен, не тасығанын айтуға әлі ерте көрінеді.

Ұшақ құлады

Boeіng 737 әуе ұшағы Джакартадан 29 қазан күні ұшып шыққанымен, ол әуеге көтерілгеннен 13 минут өткенде байланыс үзілген. Ява аралының батыс жағалауы айлағында теңізге құлаған. Ұшақта 181 жолаушы болған. Оның үшеуі жас балалар, сондай-ақ екі ұшқыш, 6 экипаж мүшелері болған.

Ұшақ 2018-ші жылы шыққан, биылғы жылдың тамызынан бастап Lіon Aіr пайдаланып келеді екен.

Антарктидағы әуежай

Қытай билігі Антарктидада тұрақты жұмыс істейтін әуежай салмақшы. Кәдімгі мұз айдынындағы әуежайда ұшу алаңы, әуе терминалы болады. Әзірге орны зерттелуде.

Бұған дейін Қытай мамандары 2009, 2010-шы жылдары Антарктидада төтенше қонып, ұшып, жанар май құятын екі ұшу алаңын жасаған.

Өз өмірін қиған ғалымдар

Ресейлік дәрігер Григорий Минх сүзек ауруын зерттеген көптердің бірі. Алайда, оның басқалардан ерекшелігі сүзекпен ауырғандардың қаны жұқпалы екенін дәлелдеген. Ол үшін өзіне тәжірибе жасаған. 1874-ші жылдың 25 сәуірінде Минх сүзек адамның қаны сақталған пробирка шынысымен білегін кескен. Шамалы күннен соң ғалым науқастанған. Сүзекпен науқас адамның қаны жұқпалы екенін дәлелдеген ғалым тәуір болған.

Құтырудың емі табылғаны үшін сібір жарасына  вакцина тапқан Луи Пастерге әлем қарыздар. Ол вакцинаны ойлап тапқаннан кейін өзіне қолданып көргісі келген. Досына «өзім тәжірибе жасап көргім келеді, құтыруға қарсы өзіме екпе жасап, соңын күткім келеді, өйткені нәтижесін анық біліп тұрмын» деп жазған. Дегенмен 1885-ші жылы құтырған ит қауып алған баланы вакцина құтқарып қалады.

Безгек ауруын зерттеуде Кох еңбегі орасан екені белгілі. Дегенмен, ең үлкен еңбек неміс ғалымы М.Петенкоферге тиесілі. Ол уақытта Кох безгек вибрионын тапқан. Оның ойынша эпидемия бактерияда емес, территория және уақыт әсері бар. Өзінің дұрыс екенін дәлелдеу үшін 73 жастағы ғалым 1892-ші жылы безгек вибрионы бактериясын ішіп көреді. Ауырмайды. Міне қызық, біздің организміміз әр ауруға әртүрлі әсер береді екен.

Бүгінде медицинада кеңінен қолданылатын эпидуральды анестезияны неміс хирургі Август Бир ең бірінші өзіне және ассисентіне 1898-ші жылы жасап көрген. Кокаин ерітіндісін пайдаланған. Ерітіндіні құйғаннан кейін ауру басылған. Адам ауруды сезінбеген. Бирдің өз айтуынша олар тәжірибені аяқтап, түскі ас ішкен, шарап ішкен, сигар шеккен. Бәрі жақсы болғанымен шамалыдан кейін өздерін жайсыз сезініп, бірнеше күн төсекте жатқан.

Сары аурумен күрескендердің бірі америкалық Д.Лассару. Дәрігерлер сары ауру қоздыртқышын анықтау керек. Тропикалық масалараға күдік туады. Бірақ дәлелдеме жоқ. Лассар алдында аурудың қанын ішкен масаға өзін шақтыртады. Бірақ, ауырмайды. Шамалы өткеннен соң, экспериментті қайталаған ғалым ақыры ауырады. Сонда барып вирустың масаның денесіне сіңуі үшін уақыт қажет екендігі белгілі болады. Өкінішке орай, осы жаңалығы үшін ғалым дүниемен қош айтысты.

Тұншығуды зерттеген румын криминалисі Н.Миновици. Ғалым қауіпті зерттеу кезінде өз-өзін дарға асатын болған. Көз, тері түсінің бұзылу, құлақтың қаңғырлауын дәптерге түсірген. Әртүрлі жағдайда, әралуан уақыт көлемінде өз-өзін дарға асып, тұншығу әсерін зерттеген ғалым жанында үнемі ассисенті болған. Ол ғалымның берген белгісімен оны «дардан» құтқарып отырған. Ғалымның бұл зерттеулері 1904-ші жылы 200 бет ғылыми еңбек болып жарық көрген.

Жүрекке катетер жүргізу әдісі бойынша неміс дәрігері Вернар Форсман Нобель сыйлығын алған. Ол 1920-шы жылдың соңында шынтағынан зонд жіберіп жүрегінің оң жағына жеткізеді. Ол уақыттары дәрігерлер ұғымында жүрекке жат нәрсе жақындаса тоқтап қалады. Форсман алғашында жүрекке жеткізе алмағанымен, ол кезде сынақ жасауға көмектескен көмекшісі тоқтатқан, екінші рет өзі жасағанда жүрекке жеткен.

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here