Грант анықталды

0
146

Әрбір мектеп бітірушінің алаңмен күтіп, 11 жылдық білімін сынға салған ҰБТ артта қалып, мемлекеттік конкурстың жауабы шығар кезең де келіп жетті. Сарыла күткен мемлекеттік грант тізімі жарияланғалы, талай талапкерлердің қуанышы мен өкінішінің кәусі болдық. Кейбірі, мамандық таңдауда қате жібергеніне қынжылса, кейбірі аймақ таңдауда сәттілік серік болғанына разы. Қуанарлығы, биылғы жылы да өңіріміз білім байқауда өз биігінен көрінді. Нәтижесінде, облыстағы 2732 түлек мемлекеттік білім грант иегері атанды. Бұл туралы облыстық білім бөлімінің басшысының орынбасары Ақзира Қасымова өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдеріне берген брифингте хабарлады.

Ағымдағы жылы өңірде мектеп қабырғасынан 7113 оқушы түлеп ұшса, соның ішінде 4742 бітіруші ҰБТ-ға қатысқан екен. Көрсеткішке сәйкес тек 2732 түлекке мемлекеттік білім грантын жеңіп алу бақыты бұйырды. Облысқа тиесілі гранттардың сала бойынша үлес салмағы төмендегідей өрбіді. Педагогикалы мамандықтар бойынша – 696, денсаулық сақтау саласы бойынша — 207, техникалық ғылымар және технологиялар — 1236, ауыл шаруашылық саласы бойынша — 283, қызмет көрсету саласы бойынша — 155, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласы — 113, өнер саласы бойынша — 42, «Серпін» бағдарламасы бойынша — 751 грант қоржында.

Сонымен қатар, жыл сайын облыс әкімінің тұрмысы төмен отбасыларындағы балаларға арналған грант тағайындайтыны белгілі. Биылғы жылы 205 түлек  әкім грантын иеленіп, тегін білім алу мүмкіндік алды. Аймақ басшысының тарапынан жасалған дәстүрлі бастамының қазірдің өзінде жемсін беруде. Аталмыш грант иегерлерінің алдыңғы легі қазірде білікті маман.

Бұдан бөлек оқу орындары ректорларының грантына аймақтан 43 талапкер іліксе, әскери грант бойынша -39 және басқа шет ел грантын — 29 түлек иемденді. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының жоғарғы оқу орындарына 70 грант бойынша талапкерлер құжаттарын конкурстық комиссияға тапсырып, қорытындысы 5-10 тамыз аралығында белгілі болады деп күтілуде. Сонымен қатар Астана қаласындағы ЕвАзЭс Парламентаралық Ассамлея жанындағы Санкт-Петербург университетімен облыс әкімдігі арасында жасалған меморандумға сәйкес 10 түлектің құжаттары да тамыз айына дейін қабылданатын болады.

Жиын соңында көптің көкейінде жүрген ҰБТ-ға қатыспаған және шекті межеден аспаған түлектердің жағдайы туралы да ақпар берілді.

— Осы жылы ҰБТ ға қатыспаған ­2371 бітіруші бар. Қазіргі таңда олардың 1184-і, яғни 50%-ы колледждерге оқуға түсетін болса, 669-ы ақылы негізде жоғары оқу орындарына тапсыратын болады. Сонымен қатар, 16 бала қысқа мерзімді курстарда оқуды жоспарласа, 3 бітіруші қазіргі уақытта жұмысқа тұрған.Ал, шекті деңгейден өтпеген 113 талапкердің  44-і ақылы негізде жоғары оқу орына, 69-ы ақылы және тегін негізде орта, касіптік мектептерге тапсыратын болады-, деді. А.Қасымова.

Адам өмір жолында мамандық таңдаудан қате жібермеуге тиіс. Бұл – басты ұстаным. Себебі, елге қажет маман иесі болу әр азаматтың борышы. Осы орайда жаңа өмірдің табалдырығын аттаған талапкерлерге ақ жол тілейміз.

Е. ШАМШАДИН

Пікір қалдыру

Please enter your comment!
Please enter your name here